Accessibility links

Астанада үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebookтегі парақшасында сәрсенбідегі жиында «дағдарысқа байланысты» жұмыс жоспары талқыланып, 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындысы қаралатыны туралы хабарлады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысының күн тәртібінде сонымен бірге жекешелендіру, шеттен тартылатын инвестиция көлемін арттыру және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау шаралары туралы мәселелер бар.

Бұған дейінгі, 2015 жылдың 11 ақпанында өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында Назарбаев қатаң бюджет саясатын жүргізу және мүмкін болғанынша үнемдеу қажетін айтқан еді. Ол сол кезде Ресей рублі бағамының арзандауы мен Ресейден импорттың артуына байланысты қазақстандық өндірушілер тап болған қиындықтардың Еуразия экономикалық одағымен «еш байланысы жоғын» мәлімдеген. Ол бұған қоса Қазақстан үкіметі теңге бағамының күрт ауытқуына қарсы шаралар қабылдайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG