Accessibility links

Греф: Ресей банк жүйесі ең ауқымды дағдарыста тұр


"Сбербанк" басшысы Герман Греф.
"Сбербанк" басшысы Герман Греф.

Ресейлік «Сбербанк» басшысы Герман Греф елдің қазіргі банк жүйесіндегі дағдарысты соңғы 20 жылдағы «ең ауқымды, ең ауыр және ұзаққа созылған» дағдарыс деп атады.

«Біз банк секторынан ешқандай пайда көріп отырған жоқпыз. Орталық банк елдегі банк секторын жалған банктерден тазартуы керек» деген Грефтің сөзін келтірген РБК агенттігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Орыс редакциясы. Грефтің айтуынша, егер мемлекет үш триллион рубль бөлмегенде жағдай бұдан да мүшкіл болар еді.

Ал Ресей орталық банкі төрағасының орынбасары Алексей Симановский банк секторында «қандай да бір дағдарыс белгісі байқалмайтынын» айтады. Ол «банк секторында дағдарыс жоқ, тек күрделі жағдай қалыптасқан» деген пікір білдірген.

XS
SM
MD
LG