Accessibility links

Ақышев: Инфляция болжанған шектен асып кетеді


Данияр Ақышев, Қазақстан ұлттық банкі төрағасы.
Данияр Ақышев, Қазақстан ұлттық банкі төрағасы.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі болжанған 6-8 пайыздан асып кетуі әбден мүмкін екенін мәлімдеді.

Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген Ақышев қазірдің өзінде қазан айының соңындағы жылдық инфляция деңгейі 9,4 пайыз болғанын айтты.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2015 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының өсімі 1 пайызды құрағанын айтқан. Оның мәліметінше, 10 айда Қазақстанда экспорт пен импорт көлемі едәуір кеміп, елдің төлем балансының тапшылығы төрт миллиард долларды құраған.

XS
SM
MD
LG