Accessibility links

Париждегі атыстан екі адам қаза тапты


Сен-Дени ауданында жүрген полицейлер. Париж, 18 қараша 2015 жыл.
Сен-Дени ауданында жүрген полицейлер. Париж, 18 қараша 2015 жыл.

Париждің солтүстігіндегі Сен-Дени ауданында полиция 13 қарашада болған терактілерге қатысы бар күдіктілерді іздеу операциясын жалғастырып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, полициямен атыста кемінде екі адам мерт болған. Екі қауіпсіздік қызметкері жараланған.

Полиция бірнеше адам бекінген деген пәтері бар үйді қоршауға алған. Ауданда атыс пен жарылыс үні естіледі. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, операция жүріп жатқан ауданда тікұшақтар ұшып жүр. Париж билігі Сен-Дени ауданында тұрғындарға үйлерінен шықпауды сұраған.

Парижде 13 қараша күні кешке бірнеше жерде террорлық шабуылдар болып, 132 адам қаза тапқан. Шабуылдарды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алған. Терактілердің бірі болған Stade de France стадионы осы Сен-Дени ауданында орналасқан.

XS
SM
MD
LG