Accessibility links

Медициналық сақтандыру туралы заң қабылданды


Аурухана дәлізіндегі қазақстандықтар. Көрнекі сурет
Аурухана дәлізіндегі қазақстандықтар. Көрнекі сурет

Қазақстан президенті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасына қол қойды. «Мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасындағы әріптестік принциптеріне негізделген міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді көздейді» делінген президенттің баспасөз қызметі хабарламасында. Заң жобасы парламенттен қазан айында өткен.

Медициналық сақтандыру қорын құру жоспарланып отыр. Заң мәтінінде медициналық сақтандырудың екі пакеті жазылған: бірінші, базалық пакет -мемлекет кепілдік еткен бюджет есебінен көрсетілетін медициналық көмек; екіншісі, медициналық сақтандыру қорыннан беріледі. Екінші пакетке амбулаторлық-емханалық, стационарлық көмекті, денсаулығын қалпына келтіру мен реабилитациялау енгізілген. Екінші пакетті иелену құқығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қатысушыларына беріледі.

Заңда экономикалық жағынан белсенді емес тұрғындарға жарнаны мемлекет, ал жұмысшыларға жұмыс беруші төлейтіні айтылған. Өзін - өзі қамтушы тұрғындар жарнаны өздері төлейтін болды.

XS
SM
MD
LG