Accessibility links

A321 ұшағында жарылған бомба суреті жарияланды


Dabiq журналында жарияланған қолдан жасалған бомбаның суреті.
Dabiq журналында жарияланған қолдан жасалған бомбаның суреті.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы шығаратын Dabiq басылымында Египетте ресейлік жолаушылар ұшағын «жарып жіберу үшін қолданылған» деп көрсетілген қолдан жасалған бомбаның суреті жарияланды. Бұл туралы Reuters және Associated Press агенттіктері хабарлады. «Бомба» деп сипатталған суретте сусын құятын металл құты мен жарылғышты іске қосатын детонатор көрсетілген.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, содырлар әуелгіде Сирия мен Иракта әуе соққысын жасайтын АҚШ бастаған халықаралық коалицияға қатысушы елдердің бірінің ұшағын жаруды жоспарлаған. Бірақ, Ресей Сирияда әскери операциялар бастаған соң содырлар жоспарын өзгерткені айтылады.

Бұған дейін ИМ Египеттің Синай түбегінде 31 қазанда Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағынның апатын «біз жасадық» деп мәлімдеген. Апаттан ұшақтағы 224 адам түгел қаза тапқан.

17 қазанда Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Синайда құлаған ресейлік жолаушылар ұшағына теракт жасалғаны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG