Accessibility links

Франция премьері химиялық шабуыл қаупін айтты


Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.
Франция премьер-министрі Мануэль Вальс.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс елде «химиялық немесе биологиялық қару» қолданып шабуыл жасау қаупі барын мәлімдеді.

Парламентте елдегі төтенше жағдай мерзімін үш айға ұзарту туралы мәселе бойынша дауыс беру алдында сөйлеген Вальс «қандай да бір қауіп барын жоққа шығаруға болмайтынын» айтты.

13 қарашада Парижде бірнеше жерде болған терактілерден 132 адам қаза тауып, 350-ден аса адам жараланған. Полиция терактіні сегіз адам жасағанын, оның жетеуі мерт болып, біреуі қашып кеткенін хабарлаған.

18 қарашада Парижде терактілерді ұйымдастырды деген күдікке ілінген бельгиялық Абделхамид Абааудты ұстау операциясы барысында бес адам ұсталған. Полициямен атыста бес адам оққа ұшқан. Бірақ, мерт болғандар арасында Абааудтың бар-жоғы әзірше белгісіз.

Федералдық парламент алдында сөйлеген Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель қауіпсіздікті күшейтіп, экстремизммен күреске қосымша 400 миллион еуро бөлуге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG