Accessibility links

Теміртауда бұрынғы полицейлерді соттап жатыр


Алаяқтық бабымен айыпталып отырған полицейлер ісін қарап жатқан судья Наталья Щеглетова. Теміртау. 19 қараша 2015 жыл.
Алаяқтық бабымен айыпталып отырған полицейлер ісін қарап жатқан судья Наталья Щеглетова. Теміртау. 19 қараша 2015 жыл.

19 қарашада Теміртауда «топ адам болып алаяқтық жасау» бабымен бұрынғы полицейлерге қатысты сот процесі басталды. Сотталушы орындығында кепілмен шыққан бұрынғы тергеуші мен қамаудағы жол-бақылау полициясының бұрынғы қызметкері отыр. Олар жергілікті тұрғыннан оны жауапқа тартпау үшін ақша мен көлік бопсалады деп айыпталады.

Бұрынғы тергеуші айыбын жартылай мойындаса, екінші сотталушы мойындаудан мүлдем бас тартты. Оның адвокаты бүгін бірнеше процессуалдық құжаттарды заттай айғақ деп танымау және өзінің қорғалушысын кепілге босату туралы өтініш жасады.

Полиция қызметкерлеріне қатысты іс теміртаулық тұрғынның мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі агенттіктің аймақтық бөліміне шағымданған соң қозғалған.

Ол өтінішінде полицейге әлдебір ұрлық ісінде өзін тұтқындамау үшін 300 мың теңге мен автомобилін бергенін көрсеткен. Іс материалында жәбірленуші тарап ретінде көрсетілген өтініш иесі сотқа қатыспады. Судья Наталья Щеглетова сот залында фото-видео түсіруге рұқсат еткенімен, сотталушылар қарсылық білдірді.

XS
SM
MD
LG