Accessibility links

Коррупциямен күрес туралы заң шықты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 18 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 18 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Коррупцияға қарсы іс-қимыл туралы» заң мәтіні бүгін ресми баспасөзде жарияланды.

Заң Қазақстанның коррупциямен күрес саясатын іске асыру жолдарын, коррупциямен күрестегі қоғамдық қатынастарды белгілейді.

Қабылданған құжатта коррупциялық қылмыстың жаңа түрлері енгізіліп, коррупциямен күрестегі уәкілетті органның қызметі мен міндеттері айқындалған. Бұған қоса «коррупция», «коррупциялық қауіп-қатер», «антикоррупциялық саясат» ұғымдары беріліп, «антикоррупциялық шектеу», «антикоррупциялық мониторинг» деген жаңа күрес шаралары енгізілген.

XS
SM
MD
LG