Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Ашраф Ғанимен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесу кезінде. Астана, 20 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесу кезінде. Астана, 20 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада елге ресми сапармен келген Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшыларының кездесуінде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері мен өңірлік қауіпсіздік проблемалары талқыланған.

Кездесуде Назарбаев Ғаниға Қазақстан Ауғанстанның гүлденгенін, оның Ауғанстанда ұлттық үкімет құру ниетін қолдайтынын айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын жеткізген.

XS
SM
MD
LG