Accessibility links

Малиде 80 адам кепілден босатылды


Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйі маңында. 20 қараша 2015 жыл
Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйі маңында. 20 қараша 2015 жыл

Мали астанасында Radisson Blu қонақ үйінде қарулы исламшылдар кепілге алған 80 адам босатылды. Бұл туралы мемлекеттік телеканал хабарлады. «Қонақ үйдегі 170 адамның үшеуі атыс кезінде қаза болған. Соңғы мәлімет бойынша, 80 адам босатылған», деп хабарлайды РБК агенттігі.

Күштік құрылымдар мен куәгерлерге сілтеме жасаған агенттік, арнайы жасақ күштерінің қабаттан қабатқа өтіп бара жатқанын, арасында атыс естілетінін жариялаған.

20 қарашада Radisson Blu қонақ үйінде қарулы адамдар 170 адамды кепілдікке алған. Оның 140-ы қонақтар, 30-ы қонақ үй қызметшілері. Reuters дерек көзінің мәлімдеуінше, қонақ үйге басып кіргендер «Аллаһу әкбар» деп айғайлаған. Олардың саны әзірге белгісіз. Әкімшілік екі адам деген мәлімет айтса, Reuters агенттігінің дерек көзі он шақты шабуылшы туралы ақпарат берген.

Қарулы адамдар Құраннан үзінді айта алған бірнеше адамды босатқан.

Мали қауіпсіздік қызметі үш адамның қаза болғанын айтқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Малидегі қонақ үйде ел азаматтарының бар-жоғы туралы әзірге ақпарат таратқан жоқ.

XS
SM
MD
LG