Accessibility links

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтыс болды


Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Ен Сам.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Ен Сам.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Ен Сам ел астанасы Сеулде 87 жасында дүниеден өтті.

Ким Ен Сам өткен ғасырдың соңына қарай Оңтүстік Кореяда болған демократиялық өзгерістерге үлес қосқан адам саналады. 1993-1998 жылдары ол ел президенті болып тұрған шақта Оңтүстік Кореяда билік әскерилерден азаматтық үкіметке бейбіт жағдайда өткен.

Сонымен бірге Ким Ен Сам президент болып тұрған кезде коррупцияға қарсы көлемді күрес жүргізген.

Бірақ ел экономикасын дамыту жолындағы оның іс-әрекеттері күткендегідей нәтиже берген жоқ дейді сарапшылар. Биліктегі кезеңінің соңына дөп келген Азиядағы қаржы дағдарысынан шығу үшін Ким Ен Сам халықаралық қаржы көмегін сұрауға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG