Accessibility links

Египетте парламент сайлауы өтіп жатыр


Египет парламенті. (Көрнекі сурет).
Египет парламенті. (Көрнекі сурет).

Египеттіктер бүгін парламент сайлауының екінші кезеңінде екінші күні дауыс беріп жатыр. Елде 2013 жылы әскерилер демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурсиді биліктен тайдырғаннан кейін парламент сайлауы алғаш рет болып отыр. Парламенттегі 288 депутаттық орынға 3 мыңға тарта адам, оның ішінде 69 әйел үміткер ретінде тіркелген.

Дауыс беру Египеттің 27 провинциясының 13-інде, оның ішінде Каирде де өтіп жатыр. Сайлаудың түпкілікті ресми қорытындысы желтоқсанның басында жариялануы мүмкін.

Сайлаудың алғашқы кезеңі қазанда қалған 14 провинцияда өткен.

Бұл жолғы сайлауда дауыс берушілер саны аз және президент Абдел-Фаттах әл-Сиси қолдайтын үміткерлер жеңістен негізгі үміттілер саналады.

2011-2012 жылғы сайлауларда жеңіске жеткен Мұхаммед Мурсидің "Мұсылман бауырластар" қозғалысына Египетте тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG