Accessibility links

Бельгия терактіге қатысты бір адамға айып тақты


Полицияның арнайы жасағы рейд кезінде. Брюссель, Бельгия, 22 қараша 2015 жыл.
Полицияның арнайы жасағы рейд кезінде. Брюссель, Бельгия, 22 қараша 2015 жыл.

Бельгия билігі Париждегі терактілерге қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған адамға терроризм айыбын тақты.

Бельгия федералдық прокуратурасының хабарлауынша, айып тағылған адам 22 қараша күні кешке полиция тексерісі кезінде ұсталған. Сол күнгі рейдте ұсталған өзге 15 адам мен 23 қараша күні таңертең ұсталған екі адам тергеуден соң босатылған.

Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель Брюссельде терроризм қаупі ең жоғарғы деңгейде қалып отырғанын мәлімдеді. Бірақ ол қалада мектептер мен метро 25 қарашадан бастап ашылатынын айтты.

13 қарашада Парижде бірнеше теракті болып, 132 адам қаза тапқан. Шабуылдарға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG