Accessibility links

Париж маңында жарылғыш заты бар белбеу табылды


Париж полицейлері. Франция, 23 қараша 2015 жыл.
Париж полицейлері. Франция, 23 қараша 2015 жыл.

Париж маңында жарылғыш зат байланған белбеу мен ұялы телефон табылды. Reuters агенттігінің тергеуге жақын дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл заттарды Парижде 13 қарашада болған терактілерді жасап, қашып кеткен адам тастап кеткен болуы мүмкін.

Франция мен Бельгияда 26 жастағы Салах Абдельсламды іздеп жатыр. Тергеушілер оны Парижде жарылыс жасап, одан бірнеше сағаттан кейін Брюссельге қашып кеткеннен бері еркіндікте жүр деп санайды.

Абделсламның ұялы телефон сигналдарытерактілерден соң Париждің солтүстігіндегі 18-округте, ол жалға көлік алып тастап кеткен ауданда, кейін Францияның оңтүстігіндегі Шатильон қаласында тіркеліп қалған.

Associated Press агенттігінің полициядағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, зертханада жүргізілген тексерулер белбеуге байланған жарылғыш заттың Париждегі терактілерде жарылған бомбалармен бірдей екенін анықтаған. Бірақ әзірге табылған белбеу Абделсламға тиесілі деп тұжырым жасауға әлі ерте. Тергеушілер Абделсламның ағасы терактіде өзін жарып жіберген дейді.

Тағы бір болжам бойынша, Абделслам өзін 18-округте жарып жібермек болған, бірақ әзірге белгісіз себептермен бұл жоспардан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG