Бельгияда жүрген Қазақстан азаматтарына теракт болу қаупіне байланысты адам қарасы көп болатын жерлерден қашық жүру туралы ескертілді деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ).
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр және Брюссельде оқитын, тұратын қазақстандықтармен байланыс орнатқан дейді министрлік.
Бельгияда 20 қарашадан бері террористік қауіп ең жоғарғы 4-деңгейде тұр. СІМ Бельгия билігі тұрғындарға халық көп жиналатын орындарға бармауды, қауіпсіздік қызметінің барлық нұсқауларын орындауды, сыбыс таратпай, ресми орындардың ақпаратын тыңдауды ескерткенін айтады.
Кеше Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель Париждегі 13 қарашада болған Брюссельде терроризм қаупі деңгейі ең жоғары деңгейде сақталып тұрғанын хабарлаған. Шарль Мишель қалада мектептер мен метро 25 қарашада біртіндеп ашыла бастайтынын айтқан.