Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Мемлекеттік қызметі туралы" заңға қол қойды деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Назарбаев бұған дейін парламенттен мақұлданып келген бұл заң жобасына өз түзетуерін енгізіп, парламентке қайтарып жіберген. Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин бұған дейін Назарбаев заң жобасына мемлекеттік қызметте қалу мерзімі мен оны тоқтату және мемлекеттік қызметкерлердің зейнеткерлікке шығуы жайлы баптарға қатысты вето қойғанын хабарлаған.
"Мемлекеттік қызметкерлердің зейнеткерлікке заңды мерзімде шығу ережелерін айқындау керек" деген президент қазір ешкімнің қызметтен кеткісі келмейтінін айтқан.
Заңда азаматтарды мемлекеттік лауазымды қызметке алудың жаңа жүйесін енгізу қарастырылған.