Accessibility links

Египетте жарылыстан 4 полицей қаза тапты


Әл-Ариш қаласында болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Египет, 4 қараша 2015 жыл.
Әл-Ариш қаласында болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Египет, 4 қараша 2015 жыл.

Египеттің Синай түбегіндегі Әл-Ариш қаласында бүгін сайлау комиссиясы орналасқан қонақүй маңында жарылыс болып, төрт полицей қаза тапты. Қауіпсіздік орындары мен дәрігерлердің мәліметінше, көлікке жасырылған бомбаның жарылуынан 12 адам жараланған.

Жанкешті жарылғыш заты бар көлікті қонақүйге бағыттамақ болғанда полиция оған оқ атып, көлік жарылған. Жергілікті биліктің мәліметінше, жараланғандар арасында сайлау комиссиясының екі өкілі бар.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Египеттегі бөлімі бұған дейін Египетте осыған ұқсас жарылыстар жасаған.

Мемлекеттік телеарна мен қауіпсіздік күштері әуелде көлік жарылып, одан шамамен он минуттан соң екінші жарылыс болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG