Accessibility links

АҚШ азаматтарына терроризм қаупін ескертті


АҚШ мемлекеттік департаменті. (Көрнекі сурет).
АҚШ мемлекеттік департаменті. (Көрнекі сурет).

АҚШ әлемде жүрген америкалықтарға Парижде 13 қарашада болған терактілерден кейін "террористік қауіптің артқаны" туралы ескерту жасады.

АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, "Әл-Қаида", "Боко Харам" және басқа да террористік топтар түрлі елдерде терактілер жасауды жоспарлап отырғаны жайлы мәліметтер бар. Ескертуде таяуда Дания, Франция, Мали, Нигерия және Түркияда болған шабуылдар айтылады.

"Америкалықтар шетте жүргенде қоғамдық орындар мен көліктерде сақтық танытып, айналасындағы оқиғаларды бақылап отыруы тиіс және адам қарасы көп жиналатын орындарға бармағаны дұрыс" дейді мемлекеттік департамент.

XS
SM
MD
LG