Accessibility links

Блогер Тайшыбеков сотты ауыстыра алмады


Блогер Ермек Тайшыбеков сот залында. Көрнекі сурет.
Блогер Ермек Тайшыбеков сот залында. Көрнекі сурет.

"Ұлтаралық алауыздық қоздырды" деп айыпталған блогер Ермек Тайшыбековтің судья Қайрат Белгішевті ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады. Сот залынан Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі бюроның қызметкері Андрей Свиридовтің Азаттықа хабарлауынша, бүгін үзілістен соң судья Белгішевті ауыстыру туралы сотталушы мен өзге де процесс қатысушыларының пікірін тыңдаған басқа судья оны қабылдамау туралы қаулы шығарған.

Қайрат Белгішев сот процесін жалғастыра берді. Бұл күні әлеуметтік желілердегі Тайшыбековтің блогында жарияланған мәтіндерден "ұлтаралық наразылық қоздырудың белгілерін тапқан" үш сарапшының бірі сөйледі. Судья Белгішев 30 қарашада болатын сот мәжілісіне үшінші сарапшының міндетті түрде келуі туралы қаулы шығарды.

Жамбыл облысы Қордай ауданынның 37 жастағы тұрғыны Ермек Тайшыбековке қарсы қылмыстық іс биылғы жазда әлеуметтік желі пайдаланушыларының өтініші бойынша қозғалған. Оның ісіне қатысты сот процесі 4 қарашада басталған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG