Accessibility links

Сенат үш жылғы бюджет жобасын мақұлдады


Парламент сенаты. (Көрнекі сурет.)
Парламент сенаты. (Көрнекі сурет.)

Парламент сенаты «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады. Бюджет жобасы «елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын түзетуді» ескеріп қабылданған.

Құжатта 1 баррель мұнайдың бағасы 2016-2017 жылдары 40 АҚШ доллары, ал 2018 жылы 50 доллар болады деп есептелген.

Болжам бойынша, үш жылдық жоспарда республикалық бюджеттің кірісі, ұлттық қордан келетін трансфертті есептемегенде, 2016 жылы – 3 триллион 665 миллиард 300 миллион теңге, 2017 жылы – 3 триллион 866 миллиард 900 миллион теңге, 2018 жылы – 4 триллион 195 миллиард теңгені құрамақ.

Сенат депутаттары бұған қоса «Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер туралы» заң жобасын да мақұлдады. Ол бойынша, 2016-2018 жылдардағы кепілді трансферт көлемі, доллардың айырбас бағамы 300 теңгеге сай болады деген болжаммен алғанда, жыл сайын 2 триллион 400 миллиард теңге болмақ.

XS
SM
MD
LG