Accessibility links

Түркия "Су-24 ұшағын ескерткен" аудионы жариялады


Ресейдің атып түсірілген Су-24 ұшағы туралы видеодан скриншот. 24 қараша 2015 жыл.
Ресейдің атып түсірілген Су-24 ұшағы туралы видеодан скриншот. 24 қараша 2015 жыл.

Түркия қорғаныс министрлігі осы елдің әскерилерінің Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағына «Түркия әуе кеңістігіне жақындап келе жатқанын ескерткені» туралы аудиожазбаня жариялады.

Independent басылымының хабарлауынша, аудиода ер адамның Түркия әскери-әуе күштері атынан ұшаққа Түркия әуе кеңістігіне жақындап келе жатқанын ескертіп, оған бағытын оңтүстікке қарай өзгерту туралы ағылшын тілінде талап қойғаны жазылған.

Түркия әскерилері әуедегі ұшаққа ескертуді «әр 30 секунд сайын бес минут бойы қайталағанын», бірақ ресейлік ұшақ экипажы оны «елемегенін» айтады.

Қарашаның 25-і күні ресейлік Су-24 ұшағының тірі қалған ұшқышы Константин Мурахтин түркиялық ұшқыштар «ешқандай ескерту жасамай оқ атқаны» жайлы мәлімдеген. Оның сөзінше, түркиялық ұшақпен «я радио байланыс, я визуалды байланыс» болмаған, ал зымыран «ұшақтың артынан тұтқиылдан тиген».

Түркия ресейлік Су-24 әскери бомбалаушы ұшағын 24 қараша күні Сириямен шекарада атып түсірген. Ұшақтағы екі ұшқыштың бірі қаза тапқан. Ресей билігі Су-24 Сирияның әуе кеңістігінде ұшқан дейді. Ресей президенті Владимир Путин ұшақты атып түсіруді «ту сыртынан соққы жасау» деп атаған.

XS
SM
MD
LG