Accessibility links

Қырғыз президенті аппаратының экс-басшысы сотталды


Сотта отырған Данияр Нарымбаев (оң жақта) пен Хаджимурат Коркмазов. Бішкек, қазан 2015 жыл.
Сотта отырған Данияр Нарымбаев (оң жақта) пен Хаджимурат Коркмазов. Бішкек, қазан 2015 жыл.

Бішкек соты бүгін Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаев пен парламент - Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Хаджимурат Коркмазовтың ісі бойынша үкім шығарды.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, сот "пара алды" деп айыпталған Нарымбаевтыүш жылға, Коркмазовты бір жыл алты айға соттап, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім еткен.

Бұған дейінгі сот отырысында Нарымбаев пен Коркмазов кінәсін жоққа шығарып, тағылған айып дәлелденбегенін айтып өзін ақтауды сұраған. Айыптаушы прокурор Нарымбаевты 12 жыл 6 ай, Коркмазовты 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған.

Коркмазов шілденің ортасында бұрынғы депутат, 2013 жылы коррупция айыбымен сотталған Нариман Төлеевтің туысынан пара алды деген күдікпен ұсталған. Нарымбаевқа "коррупциялық қылмысқа қатысы бар", "пара алды" және "қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG