Accessibility links

Мәскеу ИМ-ге қарсы құрлықта күш үйлестіруді қолдады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер мекемесі «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы құрлықтағы әскери күштерді жасақтау жайлы Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиустің ұсынысына қолдау білдірді. Мұндай бастама Ресейдің ұстанымына сай келеді деп мәлімдеген жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Бұған дейін Лоран Фабиус сұхбаттарының бірінде Сирияда исламшыл радикалдарға қарсы құрлықтағы операцияларды Сирияның үкімет әскері, оппозициялық «Еркін Сирия армиясы» және күрд жасақтары жүргізуіне болар еді деген пікір айтқан.

Жұма күні Мәскеуде Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллеммен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Сергей Лавров Мәскеу «ИМ-ді құртатын» барлық күштердің іс-қимылдарының үйлестуіне мүдделі екенін айтқан. Ондай күштердің қатарында Лавров Сирия үкіметінің армиясымен бірге Башар Асад режиміне қарсы күресіп жатқан оппозициялық «Еркін Сирия армиясын» атаған. Сонымен бірге ол «арасында күрд жасақтары да бар өзге де патриоттық қарулы топтар» туралы айтқан.

Лавров осының қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Франсуа Олландтың қатысуымен өткен келіссөздерде ИМ тобына қарсы күресте күш біріктіруге бағытталған «аз да болса нақты қадам жасалғанын» атап өткен.

Бұған дейін бейсенбіде Олландпен бірге өткізген баспасөз мәсхилатыда Путин Ресей мен Франция ИМ экстремистік тобына қарсы күресуге әзірлік білдірген құрылымдарға соққы беруден бой тартатын болады деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG