Accessibility links

Қырғызстанда жаңа мұнай зауыты іске қосылды


Қырғызстанның Тоқмақ қаласындағы мұнай өңдеу зауыты.
Қырғызстанның Тоқмақ қаласындағы мұнай өңдеу зауыты.

Қырғызстанның Тоқмақ қаласында Қытай компаниясы салған мұнай өңдеу зауыты сынақ режимінде жұмысын бастады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Бұл зауыт автокөлік бензинін, дизельдік жеңіл отын, сұйытылған газ, құрғақ газ, пеш отыны және парафин майын шығармақ.

Егер қажетті мөлшерде шикізатпен қамтамасыз етілсе жаңа зауыт жылына 400 мың тоннаға дейін мұнай өңдей алады деп хабарланды. Құны 60 миллион доллар тұратын жаңа нысанды Қытайдың Шыңжаң халықаралық сауда-өнеркәсіп компаниясы салған.

Бұл Қырғызстанда қытай компаниялары салған екінші зауыт. Осыдан екі жыл бұрын Қара-Балта қаласында жылына 800 мың тонна мұнай өндіре алатын зауыт құрылысы аяқталған еді. Бірақ, шикізаттың тапшылығынан ол зауыт әлі күнге дейін жобалық қуатын толық пайдалана алмай отыр.

XS
SM
MD
LG