Accessibility links

Тасқыннан зардап шеккендерге үй берілді


Ақмола облысының аумақтық картасы.
Ақмола облысының аумақтық картасы.

Қазақстанда тұңғыш президент күні қарсаңында (бұл мереке желтоқсанның 1-і күні атап өтіледі) биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді деп хабарлайды мемлекеттік «Қазақпарат» агенттігі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемдегі тасқын салдарынан Целиноград ауданындағы Жаңажол, Оразақ және Ақмол ауылдарының баспанасыз қалған тұрғындарына Ақмол ауылында жаңадан салынған 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген.

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы зардап шеккен тұрғындар үшін мамыр айында екі пәтерлі 100 үйдің, яғни 200 пәтердің құрылыс жұмыстары мамыр айында Оразақ ауылында басталған. Бүгінгі күнге дейін олардың 186 пәтері пайдалануға берілген, қалған 14-і жақын уақытта иелеріне берілмек деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.

XS
SM
MD
LG