Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Хьюстондағы әлемдік жарыста 105 келі салмақта чемпион атанған қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков жеңімпаз тұғырында тұр.
АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан аяқталған әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдеге ие болған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Хьюстондағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлеттер келер жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарына толық құрамда (алты ер және төрт әйел атлет) қатысу құқығына ие болды.
Биылғы әлемдік жарыста Қазақстан құрамасынан Александр Зайчиков (105 келі) пен Нижат Рахимов (77 кило) әлем чемпионы атанды.
Алмас Өтешов (94 келі) пен әйелдер арасында сынға түскен Жазира Жаппарқұл (69 кило) күміс жүлдеге ие болды.
2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 94 килограмм салмақта жеңімпаз атанған Жасұлан Қыдырбаев биыл Хьюстонда қола медаль еншіледі.
Ауыр атлетикадан әлемдік жарыста жүлде алған қазақстандықтар:
Қазақстан ауыр атлеттерінің жетістігі
1/14Қазақстандық Александр Зайчиков 105 килограмм салмақ дәрежесінде алтынды жеңіп алды. Бұл салмақта 2014 жылғы әлем чемпионатында екі дүркін олимпиада чемпионы қазақстандық Илья Ильин жеңімпаз болған. Бірақ ол биыл Хьюстондағы жарысқа қатысқан жоқ. Ильин қазір алдағы жылы Бразилияда өтетін олимпиадаға дайындалып жатыр.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
3/14Қазақстандық Нижат Рахимов 77 килограмда әлем чемпионы атанды. Бұл спортшы 2014 жылы Әзербайжаннан Қазақстан құрамасына ауысып келген. Қазақстан құрамасының бапкері Алексей Ни: "Рахимов биылғы әлем чемпионатына кем дегенде қола медаль алу үшін барды" дейді.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
4/1494 килограмда жүлдегер атанған қазақстандық қос спортшы Алмас Өтешов (күміс ) пен Жасұлан Қыдырбаев (қола, оң жақта) тұғырда тұр. Бұл салмақтағы бәсекеде белоруссиялық Вадим Стрельцов чемпион болды.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
6/14Қазақстандық Алмас Өтешов 94 килограмда екінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол 2013 жылы Польшада өткен әлем біріншілігінде де екінші орын алған. 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында да күміс медаль иеленген.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
7/14Қазақстандық 21 жастағы атлет Жазира Жаппарқұл екінші жыл қатарынан 69 килограмда әлем чемпионатының күміс медалін иеленді. Ол 2014 жылы Алматыда өткен әлем біріншілігінде де екінші орын алған.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
9/14Қазақстандық ауыр атлет Маргарита Елисеева Хьюстонда 53 килограмда жарысқа қатысып, алтыншы орын алды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Елисееваның негізгі салмағы 48 килограмм екенін, биылғы әлем чемпионатына салмақ қумай қатысқанын айтты. (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінен алынды.)
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
10/1475 килограмда Лондон олимпиадасы чемпионы, қазақстандық Светлана Подобедова Хьюстондағы жарыста төртінші орынмен шектелді. Ол Лондон олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысып отыр.
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
11/14Лондон олимпиадасының чемпионы Мая Манеза 69 килограмда жарысқа қатысып, тоғызыншы орын алды. Ол олимпиада ойындарында 63 килограмда алтын алған. (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінен алынды.)
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
12/14Биылғы Азия чемпионы 20 жастағы ауыр атлет Айдар Қазов әлем чемпионатында 77 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, тоғызыншы орын алды. (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінен алынды.)
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
13/14Биылғы Азия чемпионатында 85 килограмда алтынды жеңіп алған Ермек Өміртай Хьюстандағы әлемдік жарыста серпе көтеруде 200 килограмм салмақты еңсере алмады. (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінен алынды.)
АҚШ-та ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
14/14Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Хьюстондағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Рио олимпиадасына толық лицензия иеленді. Келер жылғы олимпиадаға Қазақстан алты ер, төрт әйел атлет апарады. Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни (суретте) олимпиадаға қай спортшылар баратыны 2016 жылы мамыр айында белгілі болатынын айтты. (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметінен алынды.)