Accessibility links

Мәскеуде режиссер Эльдар Рязанов дүние салды


Совет және Ресей кинорежиссері Эльдар Рязанов.
Совет және Ресей кинорежиссері Эльдар Рязанов.

Мәскеуде 89 жасында кинорежиссер Эльдар Рязанов қайтыс болды. Рязанво өмірінің соңғы жылдары қатты науқастанып, биыл 21 қарашада ауруханаға түскен.

Рязанов - СССР халық әртісі, Совет одағында танымал болған 30-дан астам фильмді түсірген. Ол кинематография институтын бітіріп, бірнеше жыл деректі фильмдер түсірген. Рязанов 1956 жылы түсірген "Карнавал түні" комедиясынан соң танымал бола бастады. Оның басқа да танымал болған фильмдері арасында "Гусар балладасы", "Көлігіңді сақта", "Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен", "Екеуге арналған вокзал", "Қызметтегі роман", "Гараж", "Сәттілік иірімдері" картиналары бар. Рязановтың соңғы түсірген фильмі - "Андерсен. Махаббатсыз өмір" деп аталады.

Эльдар Рязанов - бірнеше кітаптың, оның ішінде поэтикалық жинақтың авторы. Ол советтік танымал "Кинопанорама" телехабарының жүргізушісі ретінде де танымал.

XS
SM
MD
LG