Қазақстан 30 қарашадан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрде, тең құқылы мүшесі болды деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында.
ДСҰ-ны құру туралы Марракеш келісімі 1994 жылы 15 сәуірде қабылданған. Қазақстан бұл келісімге қосылу туралы хаттамаға 2015 жылдың 27 шілдесінде қол қойған.