Accessibility links

"Қайрат" бапкері Вайсс қызметінен кетті


Владимир Вайсс, "Қайрат" командасының бас бапкері

Алматылық "Қайрат" футбол командасының бас бапкері, словакиялық маман Владимир Вайсс қызметінен кетті. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Вайсс "Қайрат" командасына 2012 жылы келген. Алматылық клуб Вайсс жаттықтырған кезде Қазақстан чемпионатында екі қола медаль алды. Ал биыл "Қайрат" Қазақстан біріншілігінде "Астанадан" бір ұпайға қалып, екінші орын иеленді. 2014-2015 жылдары Қазақстан кубогын иеленді. Биыл Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне дейін жетті.

2015 жылдың маусымы басталарда "Қайрат" басшылығы Владимир Вайстың алдына Қазақстан чемпионатын ұту және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу міндеттерін қойған еді.

Алматылық команданы енді кім жаттықтыратыны әзірге белгісіз.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG