Accessibility links

Назарбаев жолдауында жекешелендіру жайын айтты


Қазақстан президенті жолдауы рәсімінде отырған шенеуніктер. Астана, 30 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті жолдауы рәсімінде отырған шенеуніктер. Астана, 30 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге қойылған шектеулерді алып тастау қажет екенін мәлімдеді.

Астанада жыл сайынғы халыққа арнайтын жолдауын оқып жатқан Назарбаевтың сөзінше, қазір жеті мыңнан астам кәсіпорын мемлекет бақылауында, ал холдингтер оны тиімді басқара алмай отыр.

"Жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандар санын азайту керек. Мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды жекешелендіруге салынған шектеуді алып тастау қажет" деді Назарбаев.

Ұлттық басқарушы компаниялар туралы айтқан Назарбаев болашақта үш басқарушы компания үш ықшам ұйымға бірігуі тиіс екенін және олар "тиімсіз жұмыс жасаған жағдайда" жойылуы қажет екенін айтты.

Назарбаев мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында үкіметке экономикалық бағдарламаларды толық тексеруді тапсырды.

XS
SM
MD
LG