Accessibility links

Мәскеудегі Ресей-Түркия ғылыми орталығы жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шетел әдебиеті кітапханасында орналасқан ғылыми орталық қызметкерлері осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.

Мәскеудегі Бүкілресейлік шетел әдебиеті кітапханасы жанындағы Ресей-Түркия ғылыми орталығы жабылғанын хабарлады. Орталықтың оқырмандарға мәлемдемесінде ғылыми мекеменің қызметін тоқтатқаны жазылған.

"Түрік тілінің курстары жұмыстарын доғарды, аспиранттар мен магистранттарға жәрдем көрсете алмаймыз" деп жазылған орталық хабарламасында. Орталық жоспарлаған дөңгелек үстелдер, дәрістер мен конференциялар енді өтпейді. Кітапхана қорын пайдалану да тоқтатылады.

Орталықтың неге жабылғаны қызметкерлерге әзірге белгісіз. Оқырмандар сұрағына олар Бүкілресейлік шетел әдебиеті кітапханасы ​әкімшілігі білетінін айтып жатыр.

XS
SM
MD
LG