Accessibility links

Алматыда жер опырылды


Алматыда шілде айында болған тасқын кезінде сазды су ағызған көлік. 23 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматыда шілде айында болған тасқын кезінде сазды су ағызған көлік. 23 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша Алматы қаласының бақ шаруашылығы қоғамы ауданында жер көшкіні болған.

1 желтоқсанға ауған түні Алматының Наурызбай ауданында орналасқан «Алма» бақ шаруашылығы қоғамындағы телімдердің бірінде жер көшкен.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері оқиға орнына келгенде "25 миллиметрлік құбыр тесіліп, су кеткені, топыраққа сіңген судың 1200 текше метр жер массасының жылжуына соқтырғаны" анықталған. Жер опырыла көшкен кезде екі қабатты саяжайдың шатыры қирап, «Волга» маркалы көлікке зақым келген. Адам шығыны мен жараланғандар жоқ. Қазір ауданға су беру тоқтатылған. Жердің қайта опырылу қаупі байқалмады деген болжам жасалған.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында жақын орналасқан үйлердің бес тұрғыны көшірілген. Оқиға орнында тиісті мекеме қызметкерлері бақылаушы кезекшілерін қойған.

XS
SM
MD
LG