Астанада бүгін ерте дәуірлерден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның әскери дәстүрлері тарихын таныстыратын әскери-тарихи музей ашылды. Қазақстан президентінің ресми сайтының ақпаратына қарағанда, жаңа музейге "сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған".
Бұл мұражайды бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аралап көрген. Ақпараттарға қарағанда, музей ғимаратында концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ Қазақстан қорғаныс министрлігінің оркестрі мен ансамблі де орналасатын болады.