Accessibility links

«МН17-тегі заттарды сатпақ болған» адам тұтқындалды


Апатқа ұшыраған МН-17 рейсі ұшағындағы заттарды шығарып жатқан жұмысшылар. Украина, 21 шілде 2014 жыл.
Апатқа ұшыраған МН-17 рейсі ұшағындағы заттарды шығарып жатқан жұмысшылар. Украина, 21 шілде 2014 жыл.

Нидерланд полициясы Malaysia Airlines компаниясының былтыр Донбаста апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағынан алынған заттарды интернет арқылы сатпақ болған полицей тұтқындалды деп хабарлады.

Ұсталған ер адамның аты аталмайды. Marktplaats сайты арқылы сатуға қойылған заттардың арасынан ұшақ апаты болған жерде жұмыс істеген тергеу тобы мүшелерінің арнайы киімдерінің кейбір бөліктері табылған. Сондай-ақ сатып алушыларға Malaysia Airlines деген жазуы бар орамалдар, ұсталған полицей «лайнер корпусының бір бөлігі» деп атаған тағы бір заттар ұсынылған.

France-Presse агенттігінің хабарлауынша, тергеу орындары сатуға қойылған заттардың апатқа ұшыраған ұшаққа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

2014 жылы шілденің 17-сі күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 16:20-да Украинаның Донецк облысының шығысында Malaysia Airlines компаниясының Амстердамдан Куала-Лумпурға МН17 рейсі бойынша ұшып бара жатқан Boeing 777-200ER жолаушылар ұшағы күйреп, борттағы 298 адамның бәрі мерт болған.

Нидерланд жетекшілік еткен тергеу тобы лайнерді сепаратистер бақылауына алған Донбастан ресейлік «Бук» зымыраны атып түсірген деген қорытынды шығарған. Ресейшіл сепаратистер мен Украина бұл оқиғаға бірін-бірі айыпты көреді.

XS
SM
MD
LG