Accessibility links

Обама: Түркияның өзін-өзі қорғау құқығы бар


АҚШ президенті Барак Обама. Көрнекі сурет.
АҚШ президенті Барак Обама. Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Барак Обама Парижде өтіп жатқан саммит кезінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен жеке әңгіме барысында "Түркияның өз елі мен әуе кеңістігін қорғау құқығы барын" айтқанын мәлімдеді.

Обаманың сөзінше, кездесуде Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын ушықтырмау үшін не істеу керегі де талқыланған. АҚШ президенті Анкара мен Мәскеуді қарым-қатынасты түзеп, ортақ жау - Ресейде және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күреске назар аударуға шақырған.

Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы ресейлік Су-24 әскери ұшағын Түркия-Сирия шекарасы маңында түрік ұшағы атып түсірген 24 қарашадан бері нашарлап кеткен. Анкара ресейлік ұшақтың ескертуге қарамастан әуе кеңістігіне ұшып кіргенін айтады. Мәскеу бұл уәжді жоққа шығарып, Түркияға қарсы санкция енгізген.

XS
SM
MD
LG