Accessibility links

Мүгедек балалардың білім алу құқығын кеңейтуге шақырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда мүгедек балалардың жалпыға ортақ білім беру процесіне қол жеткізу құқығын кеңейту керек деп мәлімдеді бүгін БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Мунхтуя Алтангерел.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және интеграциялаудың оңалту технологиялары мен инновациялары» деп аталатын конференцияда сөйлеген Алтангерел Қазақстанда барлық адамдардың құқығы мен мүмкіндігін кеңейту үшін ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне араластырып, олардың бөлектенуіне жол бермеу керегін айтқан.

Алтангерелдің пікірінше, жалпыға ортақ білім беру барлық адамдар үшін тең, ашық қоғам құрудың негізі саналады. Ол жалпыға ортақ мектепте оқыған бала ерекше күтімді қажет ететін балалардың құқығын құрметтеп өсетінін, ал мүгедек баланың болашақта жақсы жұмыс табуға керекті сапалы білім алуға мүмкіндігі туатынын айтады.

Осы жиында сөйлеген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың мәліметі бойынша, Қазақстанда қазір жалпы саны 600 мыңнан аса мүгедек азамат бар. Олардың 11 пайызы – балалар.

XS
SM
MD
LG