Астанада бүгін Қазақ гуманитарлық заң университеті алдында 3 мыңнан аса адам Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа жолдауын қолдау мақсатымен «Нұрлы жол» атты акция өткізді. Акцияға қатысқандардың көпшілігі – студенттер.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, акцияда жиналғандар президенттің жолдауын қолдайтынын мәлімдеді. Акцияға қатысқандар Қазақстан туын, елтаңбасын, президент Назарбаевтың портретін, сары және көк түсті шарлар ұстап шықты.
Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауын биыл 30 қарашада жасаған.