Accessibility links

Лавров: Чавушоглу жаңа ешнәрсе айтпады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Белградта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жиыны арасындағы кездесуінде Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглудан «жаңа ешнәрсе естімегенін» мәлімдеді.

Лавров пен Чавушоглу 24 қарашада түркиялық әскери-әуе күштері Ресей бомбалаушы ұшағын атып түсіргеннен кейін бірінші рет екі ел жоғары басшылығы атынан кездескен.

Чавушоглу Анкара мен Мәскеу арасындағы барлық мәселені бір ғана кездесумен шешу мүмкін емесін, тараптар байланыс арналарын ашық ұстауы тиіс екенін айтты.

Ресей ұшағын атып түсіріп, ұшқышы қаза тапқаны үшін Анкара кешірім сұрауы тиіс дейді. Бірақ Түркия "өз территориясын қорғағанын" айтып, кешірім сұраудан бас тартқан. Анкараның ұйғарымынша, Мәскеу ұшағы шекара бұзғанын және ол үшін бірнеше рет ескерту алғанын мойындауы тиіс.

3 желтоқсанда Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейді советтік кезең тәсілдерін қолданып отыр деп айыптаған. «Советтік үгіт-насихат машинасы таратқан өтірікке ешкім сенбейді» деген ол. Мәскеу «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобынан заңсыз мұнай сатып алған» деп айыптаған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ол айыптауды жоққа шығарып, «ИМ-нен мұнай сатып алумен Ресейдің өзі айналысады» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG