Accessibility links

АҚШ билігі: Сан-Бернардинодағы шабуылды пәкістандық жасаған


Полиция шабуыл жасаушыларды ұстау операциясы кезінде. Сан-Бернардино, АҚШ, 2 желтоқсан 2015 жыл.
Полиция шабуыл жасаушыларды ұстау операциясы кезінде. Сан-Бернардино, АҚШ, 2 желтоқсан 2015 жыл.

АҚШ билігі Калифорния штатының оңтүстігіндегі Сан-Бернардино қаласында қарулы шабуыл жасағандар полициямен атыста оққа ұшқанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, шабуылды 28 жастағы Саид Фарук пен 27 жастағы Ташфин Малик жасаған.

АҚШ билігінің мәліметі бойынша, Маликте Пәкістан паспорты болған және ол АҚШ-қа әйелінің визасымен келген. Федералдық тергеу бюросының (FBI) Лос-Анжелестегі кеңсесі басшысының орынбасары АҚШ азаматы Саид Фаруктың бірнеше рет шетелге шыққаны және 2014 жылы шілдеде АҚШ-қа Ташфин Маликпен бірге оралғаны туралы айтты.

FBI өкілі бюро Фаруктың қанша елге барғаны және оның не үшін оқ атқаны әзірше белгісіз екенін айтқан.

Сан-Бернардино полициясының басшысы шабуылды ұйымдастырғандар оққа ұшқаннан кейін олардан 1600 оқ табылғанын мәлімдеді.

2 желтоқсанда Сан-Бернардинодағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым ғимаратында болған атыстан 14 адам қаза тауып, 21 адам жараланған.

Биліктің болжамынша, шабуыл жасағандардың тағы бір серігі болуы мүмкін. FBI Сан-Бернардинодағы атыс – террорлық шабуыл болуы мүмкін деген де долбар айтады.

XS
SM
MD
LG