Accessibility links

Ауа-райынан бес облыста жолдар жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның бес облысында ауа-райының бұзылуынан көлік жолдары жабылды деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Қостанай облысында жауын мен көктайғақтан Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 7-232 километрі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің жүруіне, Мамлютка-Қостанай жолының 180-404 километрі аралығында және Екатеринбург-Алматы жолының 55-729 километрі аралығында жүк және қоғамдық көліктер қатынасына шектеу енгізілген.

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылған.

Ақмола облысында көктайғақтан Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 232-260 километрі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің жүруіне, Астана-Петропавл жолының 304-341 километрі, Көкшетау-Рузаевка жолының 0-61 километрі, Көкшетау-Омбы жолының 2-50 километрі аралығында қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылған.

Ақтөбе мен Қызылорда облыстары арқылы өтетін Самара-Шымкент жолының 773-1356 километрі аралығында жүк және жолаушылар көліктері қатынасы уақытша тоқтатылған

XS
SM
MD
LG