Accessibility links

Молдова Ресейді Приднестровьеден әскерін әкетуге шақырды


Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман.
Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман.

Молдова сыртқы істер министрі Наталья Герман Ресейді өзін-өзі жариялап алған Приднестровье аумағынан әскерін әкетуге шақырды.

Жұма күні Белградта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) министрлер кеңесінің отырысында сөйлеген Герман Ресей өзінің халықаралық міндеттемелерін орындап, Приднестровьедегі қазіргі бітімгершілік операциясының халықаралық мандаты бар азаматтық миссияға айналуына септесуі тиіс деп мәлімдеген.

Герман аталған жікшіл аймақтағы жанжалды саяси реттеу туралы халықаралық келіссөздер жалғасуы тиіс деп санайды.

Бұған дейін Ресей 1999 жылы ЕҚЫҰ-ның арағайындығымен жасалған келісімде көзделгендей, Приднестровье аймағындағы өзінің бір жарым мыңдық шектеулі әскери контингентін 2002 жылдың соңына дейін ол жерден алып кетуге уәде еткен. Бірақ Мәскеу ол уәдесін әлі күнге дейін орындаған жоқ.

1990 жылы СССР құрамындағы Молдова республикасының Приднестровье аймағы өзін-өзі тәуелсіз деп жариялауы 1992 жылы қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі тараптан бір жарым мыңға жуық әскери қызметкерлер мен еріктілер мерт болған.

Приднестровье «тәуелсіздігін» халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ.

XS
SM
MD
LG