Accessibility links

Әзербайжан мұнай кенішіндегі өрттен ондаған адам хабарсыз кетті


Каспийдегі әзербайжандық мұнай платформасындағы өрт. 5 желтоқсан 2015 жыл. Видеодан скриншот.
Каспийдегі әзербайжандық мұнай платформасындағы өрт. 5 желтоқсан 2015 жыл. Видеодан скриншот.

Әзербайжан баспасөз құралдарының хабарлауынша, Каспий теңізіндегі «Гюнешли» мұнай кенішіндегі платформада шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде отыз адам хабарсыз кеткен. Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы апат шыққан мұнай платформасынан 32 адамның құтқарылғаны туралы хабарлаған. Хабарсыз кеткендерді іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Әзербайжан мұнайшылары құқығын қорғау жөніндегі комитет жетекшісі Мирвари Гахраманлы мұнай платформасындағы өрттен 32 адам қаза тапқан деп хабарлаған Reuters агенттігіне. Бірақ, Әзербайжан билігі әзірше ол ақпаратты растайтын мәлімет берген жоқ.

Мемлекеттік компанияға тиесілі мұнай платформасында өрт 4 желтоқсанда кешке басталған. Компания өртке қатты дауылдан бүлінген газ құбырындағы ақау себеп болған деп хабарлады.

Әзербайжан бас прокуратурасы мұнай кенішіндегі апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG