Accessibility links

NASA Плутонның жаңа суреттерін жариялады


New Horizons ғарыш аппараты жақын қашықтықтан түсірген Плутон планетасының суреті.
New Horizons ғарыш аппараты жақын қашықтықтан түсірген Плутон планетасының суреті.

Плутон планетасына жақынырақ барған АҚШ ғарыш агенттігінің (NASA) New Horizons («Жаңа көкжиектер») деп аталатын ғарыш аппараты Жерге жаңа суреттер жолдаған.

Бұдан бес ай бұрын Плутоннан алынған алғашқы суреттерде планета бетіндегі биік мұздықтар, Плутонның серігі Харондағы терең шатқалдар бейнеленген еді.

Шілде айында New Horizons аппараты Жерге жолдаған суреттерде Плутонда кратерлердің жоқтығы ғалымдарды таңқалдырған. Бұған қоса Плутонның жылу бөлетін геологиялық белсенді планета болып шығуы да тың жаңалық болған.

Плутоннан түсірілген суреттерден NASA құрастырған видео:

XS
SM
MD
LG