Accessibility links

Тайшыбековті сотқа берген Исаеваның үйін тінтті


Қоғамдық белсенді Ботагөз Исаева. Қордай, 4 қараша 2015 жыл.
Қоғамдық белсенді Ботагөз Исаева. Қордай, 4 қараша 2015 жыл.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі Қуаныш Жақсыбаев "ұлтаралық алауыздық тудырды" деп айыпталған блогер Ермек Тайшыбековтің сотына куәгер ретінде қатысып жатқан Ботагөз Исаеваның үйін тінтті. ​

Тергеуші Қуаныш Жақсыбаев бұл шараға Ермек Тайшыбековтің арызы себеп болғанын, тінтуге облыс прокуроры санкциясы бергенін айтты. Тергеуші прокурордың санкциясында "сараптама Исаеваның интернеттегі жазбаларында ұлтаралық алауыздықты қоздыратын белгілер барын тапқанын" айтады.

Ботагөз Исаеваның сіңлісі Дина Ділдәбаеваның сөзінше де, Ермек Тайшыбеков "Исаеваның өзінің интернеттегі жазбаларында ұлтаралық алауыздықты қоздыратын белгілер бар" деген.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісін тінту жүргізіп жатқандар үйге кіргізбеді.

Қордай ауданының 37 жастағы тұрғыны Ермек Тайшыбеков Facebook және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде ресейшіл бағыттағы, Қазақстан мен Ресейдің саяси қарым-қатынасын тереңдетуге үндеген сарындағы пікірлерімен танылған.

Ермек Тайшыбековке қарсы іс оның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларына наразы болған алматылық Ботагөз Исаеваның арызы бойынша 30 маусымда қозғалған.

XS
SM
MD
LG