Accessibility links

Мәскеуде жарылыстан үш адам жараланды


Мәскеудегі автобус аялдамаларының бірі. (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі автобус аялдамаларының бірі. (Көрнекі сурет).

Мәскеудің орталығында автоус аялдамасында шағын жарылғыш зат жарылып, үш адам жеңіл жарақаттанды.

Жарылыс 7 желтоқсан күні кешке Мәскеудің Чистые Пруды деп аталатын бөлігіндегі барлар мен кафелер орналасқан Покровка көшесінде болған.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Андрей Галиакберов жарылғыш затты көшеде өтіп бара жатқан көліктен тастап кетуі немесе сол маңдағы үйлерің бірінен лақтыруы мүмкін. Ол үш адамның әйнек сынықтары тиіп жараланғанын айтады.

Ресейлік ақпарат құралдары бұған дейін жараланғандардың үшеуі де әйелдер екенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG