Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Алпысбай Ахметов пен Ғалымжан Пірматов ұлттық банк төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
Ғалымжан Пірматов бұған дейін "Камеко Қазақстан" компнаиясын басқарған. Оған дейін "Қазатомөндіріс" компаниясының экономика және қаржы мәселелері бойынша вице-президенті, "БТА банкі" басқарма төрағасының орынбасары, экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі болып қызмет істеген.
Алпысбай Ахметов бұған дейін ұлттық банкте касса операциялары мен бағалы қағаздарды сақтау орталығының директоры болған.
Ахметов пен Пірматов 7 желтоқсанда ұлттық банк төрағасының қызметтерінен босатылған орынбасарлары Нұрлан Құсайынов пен Қуат Қожахметовтің орнына тағайындалды.
2 қарашада Данияр Ақышев Қайрат Келімбетовтің орнына ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған.