Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2009 жылы әлемдік дағдарыс басталған кезден бергі ең төменгі деңгейге дейін арзандады. Инвесторлар нарыққа Иран мұнайы келе бастайды деп дайындалып отыр.
Нью-Йорк биржасындағы саудада WTI маркалы мұнай бағасы 6 пайызға арзандап, 37,65 долларға дейін түсті. Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 40,73 долларға дейін арзандады. Бұл Ресей, Иран сияқты мұнай өндіруші елдердің акциялары мен валюталары бағамының арзандауына әкеп соқтырды.
Трейдерлер мұнай бағасының арзандауына мұнай өндіруші елдер ұйымы - ОПЕК-тің өндіріс көлемін азайтудан бас тартуы себеп дейді.
ОПЕК елдері қазір нарыққа тәулігіне 32 миллион баррель мұнай шығарады. Бұл - бұған дейін мәлімденген көлемнен екі миллион баррельге артық.
Иран ядролық келісім бойынша Батыс елдері экономикалық санкциялар алынған соң тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін тағы алты миллион баррельге арттыруды көздейді.