Астана мектептерінде бүгін бораннан екінші ауысымда оқитын 1-6 сынып оқушыларына сабақ тоқтады деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада бүгін ұйытқыған желдің жылдамдығы секіндына 23 метрге дейін жетеді әрі көктайғақ болып тұр.
Ақмола облысы аумағында 7 желтоқсанның кешінен бастап боран мен жолдың нашар көрінуінен Алматы-Екатеринбург жолының 856-917 километрі аралығында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.