Accessibility links

Ресей ИМ-ге сүңгуір қайықтан соққы жасады


Ресейдің "Ростов-на-Дону" сүңгуір қайығы.
Ресейдің "Ростов-на-Дону" сүңгуір қайығы.

Ресей Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына бірінші рет сүңгуір қайықтан зымыранмен соққы жасады. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге Жерорта теңізінде жүрген «Ростов-на-Дону» сүңгуір қайығынан атылған «Калибр» қанатты зымырандары нысаналарға дөп тигені туралы баяндаған. Шойгу бұған қоса «Ту-22 бомбалаушы ұшақтары соңғы үш күнде Сирияда 60 рет әскери тапсырмамен ұшқанын» айтқан.

Шойгудың сөзінше, Сирия мен Ресей әскерилері Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада атып түсірген Су-24 бомбалаушы ұшағының «қара жәшігін» алған. Путин оны халықаралық сарапшылардың қатысуымен ашуға тапсырма берді.

Анкара Ресей ұшағын «Түркияның әуе кеңістігін бұзған соң» атып түсіргенін айтады. БІрақ Мәскеу ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG